«Астана — есірткісіз қала» акциясы Астана қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Мобилизациялық дайындық басқармасының бірлескен іс-шарасы болып табылады. Бұл акцияға «Саналы Ұрпақ» клубының мүшелері де қатысты.
Акцияның мақсаты – есірткіге қарсы күреске қоғамдық назарды аудару, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, және есірткі заттарын пайдаланудың алдын алу.
