Бүгін колледжімізде Жұмысшы мамандықтар жылы және Басқару колледжінің 25 жылдығы аясында түлектермен жылы әрі шабыттандыратын кездесу өтті! Өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен түлектеріміз колледж қабырғасына қайта оралып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі студенттерге мотивация берді.
Түлектермен байланыс орнатып, кәсіби мамандар даярлауға қосқан үлестері үшін құрметті ұстаздарымыз – Ордабаева З.К., Капезова А.Ж., Токежанова А.А., Кусаинова И.А.-ға ерекше алғысымызды білдіреміз!
Біздің түлектер “Qalamedutech” компаниясының негізін қалаушысы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы, ірі компаниялардың бас заңгерлері ретінде қызмет етуде. Сондай-ақ, көптеген түлектеріміз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білімін жалғастырып, жаңа биіктерді бағындыруда.
Олардың қатарында өңір экономикасын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашып отырған табысты кәсіпкерлер мен жеке бизнес иелері де бар.
Кездесу барысында түлектер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып, құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, колледж ішін аралап, студенттік шақтарын жылы естеліктермен еске алды.
Біз түлектерімізбен мақтанамыз және оларға жаңа жетістіктер тілейміз! Басқару колледжі – 25 жылдық сапалы білім мен үлкен табыстар!





