Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Наурыз мейрамын атап өту және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Әдемі әлемі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Басқару колледжі бұл жарқын шараға белсенді қатысып, оқушыларға шығармашылық және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында келесі шеберлік сағаттары мен көрмелер өтті:
- «СӘН ӨНЕРІ» – шаштараз өнері бойынша шеберлік сабағы, бұрым өру, шаш күтімі және сәндеу бойынша кеңестер.
- «ӘСЕМ ДҮНИЕ» – поп-арт портреттері мен суреттерін салу бойынша шеберлік сабағы.
- «АЛТЫН ОЙМАҚ» – кестелеу бойынша шеберлік сабақтары, ұлттық стильдегі тігін бұйымдарының көрмесі, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар.
- «ӨНЕР ҚУАНЫШЫ» – жас суретші-дизайнерлердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі.
- «ҒАУҺАР ТАС» – ұлттық киімдер коллекциясының көрмесі.
Бұл іс-шара дарынды шеберлерді біріктіріп, оқушыларға түрлі кәсіптермен танысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, олардың болашақ мамандығын таңдауға шабыт берді.






